Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Телефонымызды жинап алып, залдан шығармады": Жамбыл облысында алқабилер судьяның әрекетіне шағымданды

Жамбыл облысындағы сотта алқабилер судьяның әрекетіне наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Время басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gorodtaraz.kz

Алқабилердің айтуынша, үш жарым айға созылған сот процесінің соңында судья кенеттен алқабилердің кейбірінің критерийлерге сай келмейтінін айтқан. Алқабилер жоғарғы сотқа, бас прокуратураға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әбітхан Анарбаевтың өз міндеттерін орындауға кедергі келтіргенін айтып шағымданған. 

“Шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне жиналғанымызда судья Анарбаев негізінен сотталушының өзін айыптаған бастапқы айғақтары ғана ескерілетінін айта бастады. Ол бізге өзінің әрі тергеуші, әрі прокурор болғанын, сотталушының адвокаттарының сөздерінің еш мәні жоқ екенін айта бастады. Ал оларға қорытынды берген сарапшының жеке тұлға екенін және оқиға орнына бармағанын айтты. Нәтижесінде өзінің Анарбаев тәжірибелі судья екенін, сондықтан сотталушының кінәсі толық дәлелденді деп жазуымыз керек деді. Бірақ біз осынша уақыт бойы сотқа босқа барған жоқпыз. Сотталушының кінәсі дәлелденген жоқ, бұл туралы біз хаттамаға да жаздық. Барлығы құпия болуы керек еді. Бірақ судья біздің жауаптарымызды дәл сол жерде оқып шықты, содан кейін кенеттен ол тез арада кеңсеге бес минутқа құжат алу керек екенін айтты және 1,5 сағат бойы жоғалып кетті. Сол уақытта ол ұялы телефондарымызды алып, залдан шығармай қойды", – дейді Гүлзат Райымқұлова.


Алқабилер ақтап алған: СҚО-да тұрғындар 55 жастағы азаматты өлтірді деп айыпталған жасөспірімдердің бостандыққа шыққанына наразы


Алқабилердің айтуынша, осы 1,5 сағаттың ішінде біреу олардың телефондарын ашпақ болған. Жарқынай Сапарқызының атйуынша, телефондарды ашу әрекеті сәтсіз аяқталып, кейбірінің бұғатталып қалғанын айтады.

“Сотталушының кінәсі дәлелденбегенін іс материалдарына қарап кішкентай бала да түсіне алады. Олар бізді адам деп санамайды. Бұл жерде адамның тағдыры шешіліп жатыр ғой. Алқабилер сотыне үшін қажет? Айыпталушының ғана емес, біздің – алқабилердің де құқығы бұзылуда! – деді Бауыржан Қонақбаев.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, "кейбір алқабилердің қатысу мүмкіндігінің болмауына байланысты” судья сот отырысын жарамсыз деп танып, сотты алқабиге кандидаттарды іріктеу кезеңіне қайтару туралы шешім қабылданған. 

"Олар кеңесу бөлмесінде болған кезде алқабилерге қысым көрсету немесе олардың телефондарын тексеру фактілері болған жоқ. Іс қаралуда", – делінген соттың ресми хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін әйел өлтірегін үшін сотталған экс-министр Бишімбаевтың адвокаттары судья Құлбаеваны жәбірленуші тарапқа жақтасты деп кінәлағаны туралы жазған едік. 

Талқылау