Жамбыл облысындағы интернатта жасөспірім кіші сыныптың баласын зорлады деген күдікке ілінді
Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы интернатта жоғары сыныптың оқушысы кіші сыныптың баласын зорлаған. Мұны республикалық "Время" газетінің арнайы тілшісі Айжан Әуелбекова Facebook парақшасында жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Сарысу аудандық полиция бөлімі 14 жастағы жасөспірімге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағаны белгілі болды.
"Сараптамалар кешені тағайындалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады ведомство.
Сонымен қатар мектеп-интернаттың педагогикалық ұжымына қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында жасөспірім кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінгені айтылды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"