Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыс болған ауданда кәсіпкердің ауласынан снарядтар табылды (видео)

Желіге Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы Сарыкемер аулында мейрамханалардың бірінің ауласында снарядтар шашылып жатқан видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Aibat жаңалықтар қызметінің Instagram парақшасындағы видеодан снарядқа ұқсас заттардың тау болып үйіліп жатқанын көруге болады. 

Тілшінің айтуынша,  Байзақ ауданы тұрғындары Арыста жарылыс болған қоймадан жеткізілген снарядтарды бөлшектеп, ішінен қорғасынын алып, өткізетінін айтқан. Сөйтіп, ауылдағы екі қолға бір күрек таппай жүрген ағайынға жұмыс табылған. 

Видеодан Байзақ ауданы Сарыкемер ауылындағы аулалардың бірінде тау болып үйіліп жатқан снарядтарды көруге болады. Жазба авторы снарядтардың іші босатылған, тек сыртындағы темірі қалғанын айтады. 



"Кейбіреуінің түбі босатылмаған. Кейбірін ұстауға, жолауға болмайтын секілді. Өйткені арасында күдік тудыратыны бар. Жарылып кетуі мүмкін. Кейбіреуінің түбі босатылмаған ", - дейді журналист.

Мейрамхана ішінен шыққан ауыл тұрғыны бұл снарядтың бәрі соның маңындағы мейрамхана қожайынына тиесілі екенін айтты. 

"Бәрінің құжаты бар, әскери прокуратурадан әкеліпті. Балаларымдікі. Қайдан және қашан әкелінгенін білмеймін. Арыстан шығар. Негізі қауіпсіз. Қожайыны қазір Атырауда", - дейді видеодағы әйел. 

 

Талқылау