Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында жаңа мемлекеттік көліктерді меншіктеп алған шенеуніктердің әрекеті әшкере болды

Жамбыл облысында жаңа мемлекеттік көліктерді меншіктеп алған шенеуніктердің әрекеті әшкере болды. Қызметтік көлікті жекеге аударып алғандарды прокурорлар анықтаған. Тексеріс барысында "Таза-Талас" мекемесінен төрт көлік жоқ болып шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сөйтсе, аудандық шенеуніктер жаңа көлікті құжат арқылы жарамсыз етіп сатып жіберген. Қолды болған көліктердің қазір үшеуі ғана мемлекетке қайтарылды. Төртіншісін табуға талпынап жатырмыз дейді прокурорлар. Осы көліктер қолдан қолға өтіп кеткен. Екі жыл бойы қызметтік көліктің қызығын жеке адамдар көрген. Қаржысын кәсіпорын басшылары бөліп алған. Қазір оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, жылы жаңа 4 көлікті шенеуніктер небәрі 22 миллион теңгеге бағалапты.

“Жалпы айтатын болсақ, кәсіпорынның директоры мен орынбасары жалған құжаттардың негізінде автокөліктердің техникалық жағдайы жарамсыз, қолдануға жатпайды деген негіздермен жалған құжаттар әзірлеп, іс жүзінде жарамды пайдалануға болатын автокөліктерді кәсіпорынның теңгерімінен шығарып, оларды аукционға сатудың орнына тікелей өздері жеке тұлғаларға сатып пайда тапқан”, – дейді Жамбыл облысы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тергеу басқармасының бастығы Ақберен Мүлкеманов. 

Талқылау