Қызылорда облысында темір жолға шығып алған ер адам жүйткіп келе жатқан пойызды тоқтатпақ болды
Қызылорда облысының тұрғыны жүйткіп келе жатқан пойызды тоқтатпақ болған. Анықталғандай, ол оқиға кезінде мас болыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Полицияның желілік бөліміне Қызылорда – Нұр-Сұлтан хабарламасындағы жолаушылар пойызының машинсі шұғыл тоқтап, адамның пойыз астына түсуінің алдын алғаны туралы қоңырау түсті. Тексеріс барысында Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол темір жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп, жүйткіп келе жатқан пойызды тоқтатпақ болған», - делінеді хабарламада.
Аталғандай, ер адам оқиға кезінде орташа дәрежеде мас болған. Оның әрекетінің салдарынан пойыз екі минутқа тоқтаған.
Ұсталған ер адамға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 5 АЕК (12 625 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды