Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шатыры құлап, қабырғалары жарылған": Жамбыл облысында оқушылар 70 жыл бұрын салынған тұрғын үйде білім алып жүр

тозығы жеткен мектепФото: Видеодан скрин

Жамбыл облысы Жуалы ауданына қарасты Жылыбұлақ ауылында оқушылар ескі тұрғын үйде білім алуға мәжбүр. Бастауыш сыныпта оқитын 30 оқушы мен 15 мұғалім төрт бөлмелі ескі ғимаратта тар жағдайда оқып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның мәліметінше, бұл үй бұрын тұрғын үй ретінде пайдаланылған, ал 21 жыл бұрын бастауыш мектепке берілген. Орын жетіспегендіктен, жоғары сынып оқушылары білім алу үшін көрші ауылдарға барып оқуға мәжбүр, олар күн сайын шамамен 7 шақырым жол жүреді.

Аталған тұрғын үй шамамен 70 жыл бұрын салынған. Осы уақыт ішінде ғимарат әбден тозған, шатыры құлап, қабырғалары жарылған. Сонымен қатар жылу, су және электр жүйелерінде тұрақты мәселелер бар, ал дене шынықтыру сабақтары далада өткізіледі.

"Мектептің жағдайы өте нашар. Біз жергілікті билікке бірнеше рет жүгіндік, бірақ олар тек уәде берумен шектеледі. Айтылған сөзден әрі іс алға баспай тұр", – дейді ауыл тұрғындарының бірі.

Ал Жуалы аудандық білім бөлімі ауылда үлкен мектеп салу жоспарланбағанын мәлімдеді. Халық санының аздығына байланысты бұл экономикалық тұрғыдан тиімсіз көрінеді. Сондықтан 50 орындық жаңа бастауыш мектеп салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленген.

"Асханасы мен спорт залы бар заманауи бастауыш мектеп саламыз. Оқу үшін барлық жағдай жасалады. 5-11 сынып оқушылары Көшмәмбетов атындағы мектепте оқи береді", – деді Жуалы аудандық білім басқармасының басшысы Бақыт Шертаева.

Мәліметтерге сенсек, енді республикалық бюджеттен қаржы бөлінбек. Егер қаражат бөлінсе, мектеп құрылысы келесі жылы басталады.


"Жабайылар": Алматылықтар тарихи мектептің сүрілуіне қарсы шықты


Жаңа салынған ғимаратқа берілетін кепілдік мерзімі 2 жылдан 10 жылға ұзартылады


Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 1800 бала оқитын білім ошағы 50 жылда мүлде жөнделмегенін жазған едік. Жұмысшы мамандықтарын даярлайтын өндірістік комбинат жарты ғасырдан бері мүлдем жөндеу көрмеген. Тозығы жеткен білім ошағында қазір екі мыңға жуық оқушы кәсіби білім алып жүр. Бірақ жылуы жоқ кабинеттерде балалар бүрсең қағып отырады дейді педагогтар.

Айым Атамбаева
Сенбі, 22 Қараша, 2025 08:51
Талқылау