Жамбыл облысында немересі мен атасы суға батып кетті
Жамбыл облысында атасы мен немересі суға батып кеткен. Қазіргі таңда олардың денесін іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы жағдай Жамбыл ауданындағы Жасөркен ауылы маңында ағысы күшті Талас өзенінде болған.
"23 шілде күні сағат 17:30-да куәгерлер Жасөркен ауылы маңынан өтетін Талас өзенінен ер адамның денесін судан шығарып алған. Кейін мәлім болғанындай, қарт адам немересімен бірге рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Сағат 17:50-де қызды іздеу жұмыстары басталды. Ол шамамен сағат 17:10-дар шамасында суға батып кеткен", - деп хабарлады Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Сәуле Мұңатаева.
Іздеу жұмыстары 23 шілде күні түнге дейін алғасып, іздеу жұмыстарына 5 құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, суға батып мерт болған азамат 61 жаста, ал немересі 7 жаста. Қыздың ата-анасы өзге елде жұмыс іздеп кеткен.