Басты жаңалықтар
Жамбыл облысында Наурыз тойлау кезінде ат үркіп, адамдарға қарай шапты (видео)
Жамбыл облысы Қызылшаруа ауылында Наурыз мерекесі кезінде сахнаға бет алған ат үркіп, жанындағы адамдарға қарай шапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде тараған видеодан сахнаға қарай бет алған жылқының үркіп, шабандозға бағынбай, бір топ адамға қарай шапқанын көруге болады. Қорыққан жұрт жан-жаққа қашты. Кейбірі сол жерде құлап жатты. Видеодан адамдардың айқайы мен балалардың жылаған даусы естіледі.
Оқыс жағдайға қатысты Т. Рысқұлов ауданының әкімдігі пікір білдірді.
“2025 жылы 22 наурызда Ақбұлақ ауылдық округінің Қызылшаруа ауылында Наурыз мерекесіне арналған театрландырылған қойылым кезінде жылқы үркіп, көрермендерге қарай шапты”, – деді әкімдіктегілер.
Ведомствоның мәліметінше, оқыс жағдай кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ оқиға орнында болған жұрт Наурыз мерекесін тойлауды жалғастырды.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған