Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында мектеп асханасындағы түскі астан соң 33 оқушы уланып, ауруханаға түсті

Жамбыл облысында Сарыкемер ауылындағы Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясында түскі астан соң 33 оқушысы мен екі мұғалімі уланып, ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Cурет ашық дереккөзден

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 7 қараша күні түс ауа Байзақ ауданының орталық ауруханасына алдымен бір мектеп оқушысы жүгінген. Ал сағат 23.00-де ауруханаға 46 адам түскен. Оның ішінде 2 мұғалім мен 44 бала. 35 адам емдеуге жатқызылды.

Науқастардың жағдайы орташа тұрақты деп бағалануда.

"Біз жалпы тәжірибелік дәрігерлерден, педиатрдан және учаскелік медбикеден тұратын 16 мобильді топ ұйымдастырып, бір күн бұрын мектеп асханасына барған оқушылардың үйлеріне аралау жүргіздік. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Олардың шағымдары мен ауру белгілері болған жоқ",  – деп хабарлады облыс әкімдігі.

Гимназия асханасында тамаққа жауапты жеке кәсіпкер Тоқсейітовтің қызметі мән-жай анықталғанша тоқтатылды. Мектеп қоршалып, мамандар бактериологиялық зерттеу жүргізіп жатыр.

Талқылау