Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында газ құбыры жарылып, бес ауыл жылусыз қалды

Жамбыл облысында түнде елдімекендерге апаратын магистралді газ құбыры жарылып, мыңға жуық үй жылусыз отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Аязды күні жылусыз қалған елдімекендердің қатарында Қызылқайнар, Жасөркен, Жалпақтөбе, Қызылдихан, Гродеково ауылдары бар. Мұнда сегіз әлеуметтік нысан жұмыс істейді. Апаттан кейін олар жанармаймен жылытуға көшкен.

Түнгі сағат он шамасында диаметрі 325 миллиметр орташа қысымды құбыр сегіз жерден жарылған. Мамандардың мәліметінше, құбыр қатты қысымға шыдамапты. Қазір апаттың нақты себептерін анықтау үшін талдау жүргізіліп жатыр. Ал арнайы құрылған штаб орталық құбырды ретке келтіру үшін түні бойы жұмыс істеген.

"Жарылған жерлерді жалғап бітті. Қазір соңғы жалғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шамамен бір сағаттың ішінде бітуі керек. Біткеннен кейін қысым тексеріледі. Кейін халыққа хабар беріледі. Әзірге қалпына келтіру жұмыстарына қатысты ешқандай проблема жоқ”, — дейдіЖамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.

Талқылау