Жамбыл облысында ер адам пойыздың астына түсіп өлді
Жамбыл облысында пойыздың астына түсіп денесі қақ бөлінген адамның мәйіті табылды. Қайғылы жағдай Шу стансасында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, 44 жастағы жергілікті тұрғын отбасындағы жанжалдан кейін "биіктен қарғып өлемін" деп үйінен шығып кеткен. Алайда жүріп келе жатқан жолаушы пойызының астына қарғыған.
Вагонның темір доңғалақтары денесін екіге бөліп тастаған. Қаза болған азаматтың жеке басына қатысты мәлімет жоқ. Ал желі полициясы ҚК "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабымен іс қозғады.
“Ағымдағы жылдың 15-ақпанында аталған факт Шу станциясы желі полициясы бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміде ҚР ҚК 105-бабының 1- бөлігіне сәкес, яғни өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бойынша тіркелген. Қазір тиісті тергеу амалдары жүргізілуде”, – дейді Шу станциясы желі полиция бөлім бастығының орынбасары Ерлан Сеңгірбаев.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті