Жамбыл облысында ер адам мен баласы шерушілерге ғимараттарды өртейтін сұйықтық таратқан
Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көшеде жүргендерге тез тұтанатын сұйқтық таратқан азамат ұсталды. Ол 44 жастағы Алматы облысының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Күдікті орталық көшелердің біріне "Митсубиси" көлігімен тоқтай қалып, баласы екеуі шерушілерге сұйықтық құйылған шөлмектерді таратқан. Бұл әрекеттері видео айғақпен дәлелденген.
Ал тез өртенетін сұйықтық қолдарына тиген бұзақылар оны ғимараттарды өртеуге қолданған. Аталмыш дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат қамауға алынды. Ал, баласы жайында мәлімет айтылмады.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"