Жамбыл облысында бір аптада үш жеткіншек жұмбақ жағдайда мерт болды

Видеодан скриншот
Жамбыл облысында бір аптада үш бірдей жеткіншек көз жұмды. 15-16 жастағы оқушылардың мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны түсініксіз. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ата-аналар балалардың мінез-құлықтарынан ешқандай өзгеріс байқамаған. Сондай-ақ денелерінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Үш жағдайда да туыстары балаларды асылып тұрған жерінен тапқан. Қазір нақты жағдайды анықтау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру тағайындалды.
Әзірге “суицид жасады” деген балалар Байзақ ауданынан. Үшеуі жақын маңдағы ауылдардан екен.
Былтыр да күзде Түймекен ауылында екі оқушы араға күн салмай асылып қалған еді. Соңғы сәтін бейнежазбаға түсірген марқұмның бірі “құтқарыңдар” деген қорқынышты үн қатқан. Биыл осы ауылда тағы оқушы мерт болды. Бірақ ешқайсысы қоштасу хатын қалдырмаған.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"