Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаманқұловтың сыбайластары ақшаны қалай жымқырғандарын айтып берді

Алматы қаласы №2 Медеу аудандық сотында “Феникс” кинокартинасын түсіруге бөлінген қаражатты ұрлады деген айып тағылып отырған танымал әртіс Тұңышбай Жаманқұловтың ісі бойынша сот отырысы жалғасып жатыр.

1946897

Фото: Сергей Ким

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Сотталушылар қатарында – түсіру командасының тоғыз мүшесі, кинокомпания қызметкерлері, олардың ішінде “Қазақфильмнің” бұрынғы топ-менеджері бар. Олардың төртеуіне, оның ішінде бұрын қамауға алынған режиссер Талғат Жәнібеков пен “Қазақфильм” АҚ-ның бұрынғы басқару директоры Гауһар Ысқақоваға және бұрын кінәсін мойындаған фильмнің бас продюсері Тұңышбай Жаманқұловқа бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін иеленді және талан таражға салды деген айып тағылды. Осы қылмыс жасады деген айып атқарушы продюсер Наталья Юдинаға да тағылды. Келтірілген шығын 69 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Сот алдына бірінші болып, кинокартинаның продюсері Наталья Юдина шықты. Айта кету керек, ол өзінің кінәсін толық мойындап, 2 миллион теңге шығын өтеп берген болатын.  «2014 жылы маусымда Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» фильмінің өндірісіне бөлінген қаражаттан 6 миллион теңге алып, беріп жіберуді тапсырды. Мен 5,3 миллион теңгені беріп, бұл тапсырманы орындадым», – деп атап өтті сотталушы.

Наталья Юдина аталмыш қаражат қандай жолдармен қолды болғанын айтып берді. 1 миллион теңгеге жуық қаражат «Alma Store» ЖШС директоры, күдікті Марлен Әбішевтің арасында келісімшарт жасау арқылы жымқырылған. Ол келісімшарт бойынша, Әбішевтің компаниясы «Феникс» фильмінің түсіріліміне қажетті бейнеқұрылғылар, байланыс және көлік қатынасымен қамтамасыз етуі тиіс болған. Алайда тергеу барысында анықталғанындай, аталмыш ЖШС сол беті ешқандай қызмет көрсетпеген.

Оның үстіне 1,3 миллион теңге «АлекШ» атты басқа да жалған кәсіпорын арқылы алынған. Тағы 2,3 миллион теңге күдікті Илья Коробейниковтың, атап айтқанда оған тиесілі «SKARABEI STUDIO» жеке кәсіпкерлігі арқылы алынған. 300 мың теңге жүргізуші Владимир Руснаковты жұмысқа алу туралы жалған келісімшарты арқылы жымқыпылған. Наталья Юдина құжатқа жүргізушінің қолын өзі қойған.

Қалған 717 мың теңге Тұңғышбай Жаманқұловтың тапсырмасымен «Т.К. TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС есепшісі Назгүл Жүнісованың көмегімен алынған. Сонымен қатар Тұңғышбай Жаманқұлов Наталья Юдинаға картина режиссері Талғат Жаныбековке, сметада көрсетілмесе де, жалға алынған пәтер ақысын төлеуді міндеттеген. Осылайша, Юдина түрлі жеке кәсіпкерлер арқылы Жаныбековке 1,2 миллион теңге берген. Айта кеткен жөн, Тұңғышбай Жаманқұловқа 1 миллион теңге шешіп берген Марлен Әбішев Юдинаның жауаптарын шындыққа жанасатынын растады және өз кінәсін мойындады.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында мұғалімді ұрып-соққан оқушылар сотталып кетті

Үндістанға қыдырып барған қарағандылық жігіт жадынан айырылып қалды

Ақтөбеде жас келіншек туа салысымен баласын 60 мың теңгеге сатып жіберді

Талқылау