Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаман аурумен ауырса да, бизнесті тоқтатпады": Қазақстандық белгілі кәсіпкер Дана Қанапина өмірден өтті

Астанада десерттерінің арқасында танымал болған кондитерлік дүкендер желісін басшысы Дана Қанапина бақилық болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Дана Қанапинаның жеке архивінен

Дана Қанапина кондитерлік өнердің шебері ретінде ғана емес, сонымен қатар бизнеске деген көзқарасымен және жергілікті аспаздық мәдениетін дамытуға тырысып жүретін. Ол кәсіпті күйеуі Асқар Қанапинмен бірге жүргізген еді.

Қаралы хабарды журналист Динара Сәтжан жеткізді. 

"Қара суық хабар келді. Белгілі кәсіпкер @danakanapina өмірден өтті… Қазанның басында әңгімелескенбіз. Жаман аурумен ауырса да, бизнесті тоқтамай жүргізді. @la_creme_astana @delish.astana @pate.pirogi бұның бәрі Дананың туындысы. Оның іскерлік тарихы мені әрқашан таң қалдырды. Бірнеше жыл бұрын Хайвиллде шағын кондитерлік цех ашқан. Қысқа мерзімде үлкен желіні жасай алды. Дана еңбекқор еді! Сонымен қатар өте қарапайым адам. Отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Иманы серік болсын!" – деп жазды Динара Сәтжан.

Кейін марқұмның желідегі парақшасында өлімі туралы ақпарат пайда болды. Онда Дана Қанапинаның жерлеу рәсімі 3 қарашада Астанада өтетіні жазылған.



 

Еске салайық, бұған дейін 28 қазан күні белгілі ақын, сазгер Құрманай Бақтиярқызы өмірден өткенін жаздық. Қаралы хабарды продюсер Гүлзира Айдарбекова жеткізді. Сондай-ақ Құрманай Бақтиярқызының перзенті оның Instagram-дағы парақшасында жазба қалдырған. Ол көңіл айтып, анасына деген махаббатын жеткізіп жатқан халыққа алғысын айтты.

Талқылау