AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жалғыз қалған әкемді ойладым": Еркін Нұржанов неге Шымкентке көшіп кеткенін айтты

"Жігіттер" квартетінен бөлініп шыққан соң, жеке әнші ретінде тыңдарманына біраз әндерін ұсынған Еркін Нұржанов соңғы кездері ел көзінен тасада жүр. Әнші соңғы жеті жылдан бері Шымкентте тұрып келген. Еркін өнер ордасы Алматыны тастап кетуіне не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Жарты жылдың көлемі болды, ақырындап Алматыға көшіп жатырмыз", – деп қуанышымен бөлісті Еркін Нұржанов.

"Алматыда қысым жоғары, сол анамның денсаулығына әсер беріп, анам содан көз жұмды. Ол әкемнің де денсаулығына әсер ете бастады. Жалғыз әкем қалған соң, сол кісінің жайын ойлап, қоныс аударуға тура келді", – деп түсіндірді Еркін.



Әнші осы уақыт ішінде көбінесе отбасына көңіл бөлгенін атап өтті. Нұржанов биыл төртінші баланың әкесі атанғанын хабарлады. 

"Жақында ұлды болдым. Осы уақыт ішінде жанұяның жай-жапсарын жайғастырып жүрдім", – дейді Нұржанов. 
Араға бірнеше жыл салып, Нұржанов қайта Алматыға қоныс аударған. Бүгінде шығармашылығына білек сыбана кірісіп, тіпті, жеке ән кешін өткізуге дайындалу үстінде. 

"Желтоқсанның 12-сі туған күнім, соған қарай жеке концертімді жоспарлап отырмын. Шымкенттен бастайтын шығармын. Алматы мен Астанада міндетті түрде үлкен концерт беремін", – дейді Еркін.  
 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр