Жалғас Жұмағұлов UFC турнирінде америкалық Джефф Молинадан жеңіліп қалды
Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-7) UFC турнирінде кезекті жеңіліске ұшырады.

UFC Vegas 56 турнирінде америкалық Джефф Молинамен (11-2) жекпе-жекте болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің пікірі екіге бөлінді. Жеңіс Молинаға берілді.
33 жастағы қазақстандық үшін бұл промоушендегі бес жекпе-жектің төртінші жеңілісі. Жалпы, Жалғастың еншісінде қазір ММА-да 14 жеңіс пен 7 жеңіліс бар. 24 жастағы Молина қатарынан оныншы жекпе-жегін және UFC-дегі үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті. Жалпы, оның қазір ММА-да 11 жеңісі мен 2 жеңілісі бар.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар