Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жала және фактілерді бұрмалау – Вице-премьер өзінің параны он пәтер түрінде алғаны айтылған видеоға түсінік берді

Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин пәтер түрінде берілген пара туралы айтылған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жұманғарин интернет-арна ұсынған ақпаратты жала әрі фактілерді бұрмалау деп атады.

"Егер менің өмірбаяныма үңіліп қарасаңыз, және ондағы ерекшеліктерге назар аударсаңыз, мемлекеттік қызметке 35 жылдан кейін келгенімді көресіз. 90-шы жылдардың ортасы мен 2000-шы жылдарда мен өзім құрған бизнесте жұмыс істедім", - деді Жұманғарин журналистердің сауалына жауап беріп.

Оның айтуынша, сөзге дәйек болған үйлер оның отбасының бизнес құрылымдарына тиесілі.

"Бұл жерде бұрын Ақтөбеде ескі орман шаруашылығы болған, оны біз сатып алып, 2007 жылы сол жерге тұрғын үй кешенін сала бастадық. Өкінішке орай, 2007 жыл, ипотекалық дағдарыс, үлкен қаржы ресурстары сонда жұмсалды, құрылысты тоқтатуға тура келді, жалпы алғанда, ол кезде компания үшін жағдай айтарлықтай қиын болды, несиеміз де көп еді. Оның үстіне 2011 жылы тәртіп орнату үшін мемлекеттік қызметтен кетуге тура келді. Компанияларды қайта құрып, қарыздардан құтылып, оның ішінде осы үйлердің де құрылысын аяқтау тұрды", - дейді Жұманғарин.

Ол пәтерлердің салық жүктемесін азайту мақсатында әйелінің атына жазылғанын ашып айтты.



"2012 жылы мен инвестициялық компания құрдым, инвестиция тарттым, соның ішінде өзімдікін де, біз бұл үйлердің құрылысын аяқтадық, бірақ, өкінішке орай, адамдардың қалауы өзгерді. Олардың аумағы үлкен, ол уақытта олар ешкімге қажет емес еді, бұл 2007 жылдан 2012 жылға дейін болды. 2016 жылы біз салық салуды оңтайландыру үшін осы пәтерлердің барлығын өз атымызға аударуды дұрыс деп шештік. Бұл жерде қылмыстың қатысы жоқ", - деп түсіндірді Жұманғарин.

Вице-премьер оның отбасының адвокаттары ақпарат таратқан арнаны сотқа бермекші екенін жеткізді.

"Менің отбасыма, кәсіпкерлік қызметіме, басқан қадамыма қатысты барлық мәселелер мен мемлекеттік қызметке келген кезден бастап жарияланады. Мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арқылы тексердім, барлығы ашық дереккөзден алынған. "Бәсе" басшысындағы мырзалардың қолына қалай жеткені, менің фотосуреттерімді қалай алғанын және басқа сұрақтардың жауабы мен үшін беймәлім. Бұл сұрақтарды өздеріне қою керек, себебі қазір менің отбасымның адвокаттары сотқа арыз беру мәселесімен айналысып жатыр", - деп түйіндеді Серік Жұманғарин.

Айта кетейік, бұған дейін "Бәсе" YouTube арнасының авторлары Серік Жұманғариннің он пәтер түрінде пара алғанын мәлімдеген.

Ақберен Амангелді
Сәрсенбі, 22 Ақпан, 2023 12:42
Талқылау