Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы қазақстандықтарға үндеу жолдады
2 тамызда қайтыс болған Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің отбасы қазақстандықтарға жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Спортшының туыстары оның жерлеу рәсіміне тек ең жақын адамдар қатысатынын мәлімдеді. Басқа адамдардан жерлеу рәсіміне қатысудан бас тартуды сұрады. Бұл коронавирус пандемиясына байланысты қабылданған шешім.
"Қоштасу рәсіміне қатысты барлық іс-шаралар бір жылдан кейін өтеді", - деп хабарлады Үшкемпіровтің отбасы мүшелері.
Естеріңізге сала кетейік, классикалық күрестен кеңес спортшысы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, классикалық күрестен Олимпиада чемпионы, еркін күрестен Қазақ КСР чемпионы, Әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 70 жасында қайтыс болды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”