Жақсыбеков QazaqGaz директорлар кеңесінен кетті
"QazaqGaz" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әділбек Жақсыбеков, Қайрат Шәріпбаев және Мәлік Сәулебайдың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды", – деп хабарлады ұлттық компания.
"QazaqGaz" директорлар кеңесінің мүшелері, "Самұрық-Қазына" мүдделерінің өкілдері болып Ернат Бердіғұлов пен Николай Казутин сайланған.
Ернат Бердіғұлов "QazaqGaz" директорлар кеңесінің төрағасы болғаны айтылды.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Ернат Бердіғұлов, Юрий Казутин, Айрат Нұрғазиев және Серік Жаманбалин.
"ҚазТрансГаз" ұлттық компаниясы былтыр QazaqGaz болып өзгертілген болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар