"Жаханмен ажырасқалы 4-5 ән шығардың": Балжан Бидаштың су жаңа әні ел талқысына түсті
Танымал әнші Балжан Бидаштың су жаңа “Дорама” әні жарық көріп, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Айта кетейік, өнер иесінің “Қателігімсің” әні де жастар арасында кеңінен таралып, миллионнан астам қаралым жинады.
“Су жаңа әнім көбіне ұнап, клип трендке шығыпты. “Жараладым ба, сені мазаладым ба?! Қиялы өмірге емес, сенші тағдырға” деген жолдары бар “Дорама” әнім жарық көрді. “Қателігімсің” әні 30-орыннан 1-орынға шығып еді. Бұл да трендке енді”, – деп жазды әнші.
-
"Ұрпағымды жалғастыратын адам жоқ": Жахан Отарғалиев жанына батқан дерті туралы айтып берді
-
"Ажырасқандарыңа өкінбеңдер": Әнші Балжан Бидаш қазақстандық қыздарға кеңес айтты
Өнер иесінің тыңдармандары әнге жаппай реакция білдіріп, қызу талқылап жатыр.
“Жаханды әлі ұмытқан жоқсың ба?! Ол туралы айтпаңдар, ұмытқым келеді дейсің де, бүкіл әнді Жаханға арнап жатсың. Онымен ажырасқалы 4-5 ән шығардың ғой. Екі жаққа кеткендерің туралы, сәтсіз махаббат туралы, Жахан ойлап жатқан шығар, “өзі кетіп мені ұмыта алмай жүр” деп”, “Керемет ән екен”, “Сөздерін түсінбедім, енді әндеріңнің сөзін Ғазизханға жаздыршы”, “Әнің мағынасыз, түсініксіз екен”, “Стильден басқасының бәрі жақсы”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, бұған дейін отандық шоу-бизнестегі жұлдызды топтың бірі "KeshYou"-дің экс мүшесі әнші Балжан Бидаш шығармашылығы жөнінде сыр шертіп, аталған топтағы қызық оқиғаларын есіне алған еді.