«Жағымсыз иіс шықты»: Ақтөбедегі тұрғын үйден анасы мен баласының мәйіті табылды
Ақтөбедегі 8 шағын аудандағы көп қабатты тұрғын үйді жағымсыз иіс алып кеткенін көршілері сезіп полицияға хабарласқан. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі "Диапазон" газетіне сілтеме жасап сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: diapazon.kz/Аяна Аккызымова
Полиция пәтерді ашып, ішінен екі мәйітті тапты.
"23 шілдеде Ақтөбе қаласының пәтерлерінің бірінен 75 жастағы әйел мен оның 44 жастағы ұлының мәйіті табылды. Өзге ақпарат жария етілмейді",-деп хабарлады Ақтөбе облысы полициясының баспасөз қызметі.
Пәтер иесі мұғалім екені белгілі болды, ол ауырып, жалғыз тұрған, ұлы анасына барған.
"Біз полиция шақырдық, шыбындар ұшып, иісі өте жағымсыз еді. Полиция келіп, бәрін қоршап алды, оларды алып кетті",- деді көршілер.
Фото: diapazon.kz/Аяна Аккызымова
Қазір пәтер мөрленген, есіктерде арнайы бояудың іздері тұр, саусақ іздерін алған болуы керек. Ал көршілер осы пәтерде толықтай дезинфекция жүргізуді сұрап отыр.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”