Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жағдайымды айтсам жылап жіберемін: Күйеуі мен үш баласын асырап отырған ақтөбелік келіншек жанайқайын айтты

Үш бала тәрбиелеп отырған ақтөбелік келіншек қиын жағдайын баяндады. Екі баласы мүгедек болып туылған.

Күйеуі де еш жерде жұмыста жоқ. Жалғыз әйелдің жәрдемақысына қарап отырған отбасы мүгедек балаларға берілетін жәрдемақыға күн көріп отыр, деп хабарлайды aktobenews.kz.

«Мен үш бала тәрбиелеп отырмын. 10 жастағы үлкенім сал ауруына шалдыққан. Кіші баламның талма ауруы бар. Бір баламның ғана денсаулығы дұрыс. Жолдасым да денсаулығына байланысты үйде отыр. Оған да талма ауруы бар деп жазып берді. Жалғыз өзімнің жалақымды қайда жеткізерімді білмеймін. Жолдасым үйде, балаларды қарайды. Оның өзін қарайтын адам керек. Науқас, қазір оның да қағаздарымен жүгіріп жүрмін. Бәрін емдету үшін ақша керек. Әкімшілік балаға төленетін жәрдемақыны да кіріске кіргізіп отыр»,-дейді Қазима Нұрғалиева.

«Жағдайымды айтсам жылап жіберемін» деп мұңын шаққан келіншек кімге барып көмек сұрарын білмей жүр. Бес жастағы талма ауруына шалдыққан баласын емдетуге қаржы керек.

«Баланың мүгедектігі үшін айына 60 мың теңге аламын. Ол дәрісінен ауыспайды. «Ақбұлақ» мекемесінде 18 жылдан бері жұмыс жасаймын. Олар тұрақты түрде көмек көрсетіп отыр. Сұрай беруге ұяламын. Маған қиыны кіші баламның емі болып тұр. Емханада әрі итеріп бері жығады. Жағдайымды айтсам, жылап жіберемін. Осылай, күн көріп жатырмын»,-дейді ол.

Тағы оқыңыз:

Синоптиктер: Қазақстанда тағы да аяз болады

Алматы облысында ауруханаға түскен 4 жасар бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

Жеті баласынан көз жазып қалған ана отбасымен 22 жылдан кейін қауышты

Талқылау