Жағдайы ауыр: Балқаш гарнизонында офицер жараланды
Балқаш гарнизонында офицер ауыр жараланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлімдеді.
"30 мамырда Балқаш гарнизонында қарумен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан офицер жараланды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігерлер әскеридің жағдайын ауыр деп бағалап отыр", - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғаны атап өтілді. Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің нұсқауымен гарнизонға арнайы комиссия жіберілді.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілуге жатпайды", - деп толықтырды ведомстводан.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қаламсап лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген