Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан жол трафигі шамадан тыс жүктелген әлемдік 50 елдің қатарында

Қазақстандықтар күнделікті жұмысқа бару үшін орта есеппен 35 минутын жұмсайды. Осы аралықта тұрғындар 4119 грамм көмірқышқыл газы шығарындыларын жұтуға мәжбүр. Біздің ел жол трафигінің шамадан тыс жүктелуіне қатысты жасалған әлемдік рейтингте 47 орында тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Жолға кететін уақытты, жол қозғалысы жүйесінің тиімсіздігі мен көмірқышқыл газын тұтыну деңгейін саралау  нәтижесінде елдің трафик индексі - 133,9 болған.

Қазақстан алты ай ішінде көлік-логистика саласына 593,4 миллиард теңге инвестиция құйған. Бұл өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 8 пайызға артық.

Осы орайда Алматыға бөлінген қаржы 65 пайызға өсіп, 107,5 миллиард теңгені құрап отыр. Екінші орында тұрған Алматы облысында салым көлемі 64 миллиард теңгеге жеткен. Бірақ көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 17 пайызға төмен. Үшінші орында инвестиция мөлшері 56,5 миллиард теңгемен Атырау өңірі тұр. Өсім 97 пайызға жетіп отыр. Ал тізімдегі соңғы орындар Павлодар және Түркістан облыстарына тиесілі. Осылайша, біздің ел жол трафигінің шамадан тыс жүктелуіне қатысты жасалған әлемдік рейтингте 47 орынға жайғасты. 


Талқылау