Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеткер әжей ғаламторда қызының атынан жігіттермен танысып сөйлескен

Новокузнецк қаласының зейнеткері сот алдында өзгенің өміріне қол сұққаны үшін айыпталады. Әжей қызының атынан ғаламтор арқылы жігіттермен танысып сөйлескен.

old_lady_at_comp

Осылайша ол қызының жеке өмірін құрып бергісі келген көрінеді.

Бұл туралы облыстық тергеу комитеті мәлімдеді. 57 жастағы әжей қызының атынан аккаунт ашып, ер адамдармен сөйлескен.

Әжей қызының жеке өмірі мен отбасы туралы ашық айтып, оның жалаңаш күйіндегі суреттерін жіберген. Тіпті бетперде киіп алып, видеожазба арқылы сөйлесіпті. Кейіннен қызы ғаламторда оның жалаңаш суреті қаптап жүргенін естіген. Осыдан соң анасы болған жайтты айтып берген. Ол осылайша қызына күйеу тауып бергісі келетінін айтқан. Алайда, қызының күйеуі бар әрі онымен бақытты өмір сүруде екен.

Зейнеткердің қызы полицияға арыз жазған. Іске қатысты барлық айғақтар жиналған. Енді іс сот қарауына жіберілді.

Жіберіп алмаңыз:

Ғаламтор арқылы танысқан жігіттер екі оқушы қызды ішімдік ішуге қинаған

Әлеуметтік желі арқылы танысқан қарағандылық бірінші кездесуде қыздың телефонын ұрлап кетті

Әйелдерді зорлаған қылмыскер ғаламтордан махаббатын іздейді

Талқылау