Зейнеткер әйелін ұйықтатып, өзге ер адамдарға зорлатып келген
Францияда зейнеткер он жыл бойы бейтаныс адамдарға ұйықтап жатқан әйелін зорлатып, соны бейнекамераға түсіріп келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Авиньон маңындағы Мазан коммунасында ер адам 2011 жылдан 2020 жылға дейін әйеліне қастандық жасап келген. Олар 50 жылдан астам уақыт бірге.
Ер адам әйелдің тамағына ұйықтататын дәрілерді араластырып берген. Әйел ұйықтап қалған кезде бейтаныс ер адамдарды үйге алып келетін. Содан кейін бәрін бейнежазбаға түсірген. Зейнеткер ер адамдарды интернет-форумдардан тапқанын айтады.
Зейнеткердің компьютерінен жүздеген бейнежазбалар табылды. Тергеушілер 83 күдікті анықтаған. Әйелге қатысты 92 рет зорлық-зомбылық жасалған. Ол тіпті венерологиялық ауру жұқтырып алғанын мәлімдеді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"