Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зейнеткер 12 жыл бойы әйелінің мәйітін үйінде сақтап, оған сыйлықтар жинаған

Шотландияның оңтүстік-шығысындағы Абердин қаласында зейнеткер 12 жыл бойы әйелінің мәйітін үйінде сақтап, оған отбасынан Рождестволық сыйлықтар жинады. Полиция тексеру кезінде Кристина Малланың денесін тапқан. Тәртіп сақшылары әйел COVID-19-ға қарсы вакцина саалдыруға келмегені үшін тексеріп барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Mirrow порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Дэниэл Маллояның туыстары Кристинаның өлгені туралы білмеген. Олар ерлі-зайыптыларды ажырасқан деп ойлаған, өйткені 77 жастағы ер адам барлық отбасылық мерекелерге жалғыз келген.

"Ол өзінің отбасын соңғы рет шамамен бір жыл бұрын көрген, тіпті сол кезде де әйелі тірі сияқты әңгіме айтқан", — дейді досы.

Оның сөзінше, зейнеткер туыстарына жұбайының жақындарымен бірге балалық шағы өткен фермаға кеткенін мәлімдеген.

Отбасылық достар осы жылдың ақпан айында 87 жастағы Кристинаның қайтыс болғаны туралы жаңалықтарды оқығанда "шок" болып, қорыққан.

Қазіргі уақытта бұрынғы теміржол жұмысшысы Дэниел қарттар үйінде тұрады және туыстарымен байланыспайды.

Полиция оған әйелінің өліміне қатысты айып таққан жоқ. Өйткені сараптамада Кристинаның өз өлімінен көз жұмғаны анықталды.

Талқылау