Зейнетақының 70 пайызын өздеріне аударған: Қарттар үйінің тұрғындары орталық жұмысына наразы
Алматыдағы "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары мемлекеттік мекеменің пайдасына зейнетақыларын алуды тоқтатуды талап етуде. Қарттар әкімшілік өмір сүруге қолайсыз жағдай жасайды деп наразы болуда, хабарлайды Алматы телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зейнеткер Инесса Зотова орталық зейнетақының 70 пайызын өз пайдасына алып жатқанын айтады. Шарт барлығына бірдей емес болғандықтан, әйел еңбекпен тапқан ақшасын қарттар үйімен бөліскісі келмейді.
"Бәріне бірдей жағдай жасалған екен. Біреуден 70 мың теңге, біреуден мүлде бір тиын алмайды. Бұл әлеуметтік әділеттілік пе?" – дейді "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғыны Инесса Зотова.
Қарттар бар зейнетақысын дәрі-дәрмекке жұмсаймыз деп шағымданады. Мемлекеттің қамқорлығына қарамастан, дәрі-дәрмектің ұзақ жеткізілуіне байланысты препараттарды өз қаражатына сатып алуға мәжбүр. Орталық әкімшілігі жағдайдан хабардар. Олар мәселені шешуге бар күш-жігерін салып жатырмыз деп сендірді.
"Бүгінгі күні дәрі-дәрмек мәселесі толығымен шешілді. Кешккен жағдайда демеушілер тартамыз. Негізінен олар қонақтарымызға өмірлік маңызы бар қымбат дәрілерді алуға көмектеседі. Бұл мекемені басқарып жүргеніме төрт айдан сәл асты. Осы уақыт ішінде бұрын туындаған мәселелерді шешуге тырысамыз", – деді "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Тұрарбек Тұманшиев.
Бірақ зейнетақы мәселесін шешу әлдеқайда қиын. Дегенмен, бұл назардан тыс қалмайды, деп сендіреді уәкілетті тұлғалар. Ал, қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы қарттардың арыз-шағымдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жолданғанын хабарлады.
"Бүгінгі күні зейнетақы төлемдерінің 70 пайызын ұстап қалу туралы өтініштер көптеп түсуде. Біз бұл мәселені қарастырып, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қайта қарау туралы хат жолдадық", – дейді қалалық Әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы бөлімінің бас маманы Аязби Қаблан.
Әлеуметтік қамсыздандыру департаменті бір ай ішінде министрліктен жауап келуі керек дейді.