Қазақстанда зейнет жасы 55 жасқа дейін төмендете ме – Вице-министр жауап берді
Қазақстандықтар әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция бастады. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова “петиция үкімет тарапынан қолдау таба ма?” деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Тамара Дүйсенова петицияда 50 мың қол жиналса, құжат белгіленген тәртіп бойынша қаралатынын айтты. Сондай-ақ ол заңнамада әйелдердің зейнетке шығу жасын 61 деп бекітілгенін еске салды.
“Мұндай петиция келіп түссе, белгіленген тәртіп бойынша қараймыз. Бірақ біз зейнетақының басым бөлігін мемлекеттен емес, өзіміз жинаған зейнетақы активтерімізден аламыз. Сондықтан біз бүгін 55 жаста зейнетке шықсақ, жеткілікті деңгейде зейнетақы ала аламыз ба, соны түсінуіміз керек", – дейді премьер-министрдің орынбасары.
Еске салайық, Қазақстан заңнамасында жинақталған зейнетақы қаражатына қарай зейнетке ерте шығу мүмкіндігі қарастырылған. Егер азамат 35 жыл бойы еңбекке тұрақты түрде араласып, үзбей жарна аударып келcе, онда оның зейнетақысы зейнетақы қорының кем дегенде 60 пайызына тең.
“Сол себепті бізге уақытылы аударып отыру керек. Біз “Зейнетке ерте шығайық” дегенде ақшаны мемлекет төлейді деп ойлаймыз. Мемлекет тек базалық зейнетақыны төлейді”, – деді Тамара Дүйсенова.
Бұған дейін Еңбек министрлігі қазақстандықтардың зейнетке ерте шығу мәселесін қарастырып жатқан еді.