Еңбек министрлігі қазақстандықтардың зейнетке ерте шығу мәселесін қарастырып жатыр
Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция пайда болды. Ол үш мыңға жуық дауыс жинап үлгерді. Еңбек министрі Светлана Жақыпова парламент отырысында зейнет жасын төмендетуге бола ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Светлана Жақыпова ведомствоның стратегиялық есептеулер жүргізгенін хабарлады. Егер петиция 50 мың дауыс жинаса, министрлік жұмыс тобын жинап, халықпен бірге барлық пікірді ескеріп, шешім қабылдайды.
Елімізде әлі де зейнет жасын төмендетуге бола ма деген сауалға министр қазір мәселені шешудің түрлі жолдарын қарастырып жатқанын айтты.
"Қазір зейнет жасына тиіспей, басқа шараларды қарастырудамыз. Егер азаматтар ерте зейнетке шығуға ниет білдірсе, мысалы, мерзімінен бұрын зейнетке шығу құқығы, зейнетке шығуды кейінге қалдыру құқығы бар болса, біз оларға қатысты шараларды қарастырып жатырмыз", – деп жауап берді Жақыпова.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді зейнетақы төлемдерінен табыс салығы алынбайтыны айтылды.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”