Қазақстанда жеңілдетілген несие алу үшін малды чиптеу міндеттелмек

Қазақстанда жеңілдетілген несиелерді чиптелген малға ғана беру жоспарланып отыр. Ақпаратты Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғалий Бердалин мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, министрлік тікелей субсидияларды кезең-кезеңімен қысқартып келеді (кейінгі екі жылда 23 түрінен бас тартылған) және жеңілдетілген несиелеу жүйесіне көшіп жатыр. Енді қаржы алу үшін фермерлер кооперативтер арқылы малын өз қаражаты есебінен сәйкестендіріп, чип орнатуға тиіс.
"Қаражат алсаң, чип орнат. Сонда біз қаржының мақсатты жұмсалып жатқанын көре аламыз”, – деді ол.
Қазір ескі деректер базасын жаңа өңдеу орталығына көшіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал чиптеу малды нақты есепке алудың негізгі тәсілі ретінде қарастырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында фермер жоқ сиырлар үшін 250 миллион теңге несие алып, жеке мақсатына жұмсағаны хабарланған еді.
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"
"Әкеңіз сізге керек болмаған соң, қайтыс болды": Қазақстандықтар психологтардан қалай зардап шеккендерін айтты
Stan.kz тілшісі “психологсымақтардың” салдарынан зардап шеккендердің оқиғасын бөлісе отырып, психолог таңдауда не нәрсеге мән беру керек екенін анықтады
Оқыңыз