Зеленский Ресейге "Путиннің өкіл әкесін" украиналық тұтқындарға айырбастауды ұсынды
Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге "Оппозиционная платформа — За жизнь" партия политкеңесінің басшысы Виктор Медведчукты кепілге алынған украиналықтарға айырбастауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Зеленский өзінің бейнеүндеуінде Медведчуктің 48 күн бойы жасырынып жүргенін, "шетелге қашпақ болғанын" атап өтті. Сондай-ақ оны кепілге алынған әскерилерге айырбастауды ұсынды.
Зеленский Украинаның құқық қорғау органдары мен әскерилері мұндай мүмкіндікті қарастыруы маңызды екенін атап өтті.
Бұған дейін Зеленский Медведчуктің кісенде отырған суретін жариялады. Ол ешқандай белгісі жоқ әскери киімде болған. Тек қолында Украинаның туы бар.
Медведчуктің қызының өкіл әкесі Путин болып табылады. Осыған байланысты Медведчукті көпшілік "Путиннің өкіл әкесі" атап кеткен.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды