Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зәулім үйлер, қымбат көліктер мен компаниядағы үлестері: Тоқтабаевтан қандай мүліктер тәркіленді

Тимур Тоқтабаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінен қандай мүліктер тәркіленгенін айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Токтабаев конфиск

“Тоқтабаев ірі пайдалы қазбалар қоры бар кен орындарын өзіне қатысты тұлғаларға беру кезінде ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды”, – делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Агенттік сонымен қоса Тоқтабаевқа 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік наградасынан айырылып, қымбат мүліктері тәркіленгенін мәлімдеді. Атап айтқанда:



- Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы ш/а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесі;

- Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Алматы бау-бақша серіктестігі мекенжайында орналасқан тұрғын үй;

- 2021 жылы шыққан "Mercedes-Benz Maybach S580 4MATIC" маркалы авто;

- 2021 жылы шыққан "Bentley Bentayga V8" маркалы авто.

- Он үш коммерциялық ұйымның қатысу үлесі. 

“Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет активтерді қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда”, – деп қосты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Талқылау