Қазақстанда запастағы офицерлер екі жылдық әскери қызметке шақырылады
Қазақстан үкіметі 2024 жылы 25 қаңтарда “Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" қаулы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Фото: gov.kz
"2024 жылы заңнамада белгіленген тәртіппен запастағы офицерлер оның ішінде әскери қызметке жарамды және оны өткермегендер әскери қызметке 24 ай мерзімге шақырылсын, олар офицерлік құрамның лауазымдарында әскери қызмет атқару үшін шақырылсын", – делінген құжатта.
2024 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлер саны:
ҚР Қарулы күштерде - 600 адам;
ҚР ҰҚК Шекара қызметінде - 80 адам;
Ұлттық ұланда - 42 адам;
ТЖМ-де - 30 адам.
Барлығы 752 адам қызметке шақырылады.
Қаулы 2024 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетейік, Қазақстан Голан төбелері мен бірқатар басқа аймақтарға 430-ға дейін бітімгершілік күштерін жіберетіні белгілі болған. Мұндай ұсынысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың қарауына жолдаған. Парламент депутаттары бітімгершілік күштерді жіберу туралы ұсынысты бір ауыздан қолдады.
Бітімгершілерді орналастыру 2024 жылғы наурыздан басталады деп жоспарланып отыр. Осы мақсатта БҰҰ-мен тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ контингенттің миссияға қатысуын қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін анықтайтын халықаралық келісім жасалады. Әскер мен техника Қазақстанның есебінен тасымалданады.