Заңсыз жекешелендірілген темір жол нысандары мемлекет меншігіне қайтарылады
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияда теміржол тасымалы және денсаулық сақтау саласындағы кейбір кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселелері қаралды. Үкімет басшысына теміржол инфрақұрылымының кейбірін мемлекет меншігіне қайтару барысы туралы баяндалды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
фото: ok.ru
Атап айтқанда, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталған. Қылмыстық іс аясында тергеу органдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін ҚТЖ басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды. Мүлік кешенін қорғау қамтамасыз етілді.
Премьер-министр республиканың басқа өңірінде ұқсас нысандар бойынша жұмысты күшейтуді тапсырып, тиісті кәсіпорындар қызметкерлерінің барлық технологиялық процесі мен қызметін сақтаудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар отырыста денсаулық сақтау саласындағы ұйымды республика меншігіне қайтару мәселесі қаралды. Алдын ала мәліметтер бойынша активті басқаруды өз мойнына алған жекеменшік компания ұзақ уақыт бойы өз функцияларын орындамай келген және келісілген инвестициялық бағдарламаның шарттарын бұзған.
Талқылау қорытындысы бойынша басқару тиімділігіне тексеру жүргізу үшін ведомствоаралық комиссия құру туралы шешім қабылданды. Оның нәтижелері бойынша шартты бұзудың және активті мемлекет меншігіне қайтарудың дұрыстығы туралы шешім қабылданатын болады.
Атап айтқанда, сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактілері анықталған. Қылмыстық іс аясында тергеу органдары түпкілікті процессуалдық шешім қабылданғанға дейін ҚТЖ басқармасына бере отырып, активтерге тыйым салды. Мүлік кешенін қорғау қамтамасыз етілді.