"Бұл мәселеге әлі де келеміз": Ішкі істер министрлігі "харассмент" ұғымын заңнамаға енгізуге асығар емес
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстан заңнамасында "харассмент" және "аңду" ұғымдары пайда болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: tattooinfo.ru
Ол бұл ұғымдардың заңнамалық кодификацияда пайда болуына алғышарттардың бар екенін атап өтті. Оның ішінде қоғам тарапынан да сұраныс жетерлік.
"Барлығын жай көшіріп қана қоймай, сабырмен, мұқият және асықпай жасау керек. Себебі менталитет бөлек, біздің елде басқа елдерге қарағанда мүлдем басқаша қабылданатын нәрселер бар. Сондай-ақ буллинг туралы да көптеген мәселелер болды. Қазір мұны енгізіп жатырмыз. Бұл норма қалай жұмыс істейтінін көрейік. Харассмент мәселесін де енгіземіз. Себебі бұл мәселеге шағымданатын әйелдер көп", – деді вице министр.
Айта кетейік, бұған дейін ІІМ өкілі педофилдерді хирургиялық кастрациялау туралы ұсыныстан не себепті бас тартқанын айтқаны туралы жазған едік.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
"Оңай" ресейлік төлем жүйесімен байланысы бар деген күдікке ілінді: Пайдаланушылар дербес деректерінің қауіпсіздігіне алаңдады
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады