Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Заңды түрде емес": Ninety One әншісі сүйіктісімен некеге тұрғанын растады

Ninety One тобының әншісі Alem (Батырхан Мәліков) отау құрғанын растады. Алайда ол сүйіктісі Веоникамен тек шариғат заңдары бойынша некеге тұрған, заңды түрде үйленбеген. Бұл туралы Alem Тимур Балымбетовтың "Ашығын айтқанда" бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2021 жылы Alem ен Верониканың некелесу сәтінен фотолар желіде тарады. Алайда әншінің өзі отау құрғанына қатысты ешқандай пікір білдірген жоқ. Соған қарап жұрт оны жеке өмірін жұрттан жасыратын жұлдыздардың қатарына жатқызды. Алайда Әлемнің өзі мұны жоққа шығаруда. Ол тек "бақыттың тыныштықты қалайтынын" атап өтті. 

"Заңды түрде емес, тек некеге тұрдық. Бұл орталықта жүрген кезде болды. Ешкімге айтпай кетіп қалғанмын. Тек балаларға айттым. 
Негізі мен үйлену жайлы ойламас едім. Тек үйде ата-анам: "Жас келді, қашан үйленесің? Қыз алып кел", - деген сияқты айта берді. Туыстардан қысым болды.

Кейін үйленеміз деп ойладық. Өзіміз көбінесе жұмысты, үйлі болуды ойлап жүргенбіз. Бір күні: "Мүмкін некемізді қиып аламыз? Өзімізге де жақсы, Құдайдың алдында рұқсат сұрап, бірге тұрамыз", - дедік. Ата-аналарымызды да тыныштандырамыз дедік. Вероника бірден келісті", - дейді әнші.



Alem өзі сүйетін аруды "ерекше" деп сипаттады. 

"Ерекше қыз. Менің сенімділігім, маған сенімділік беретін, өте ақылды, момын қыз. Кез-келген нәрсенің не үшін болып жатқанын нақты көзі жетіп білетін адам. Мен біраз түсінбеген нәрсемді Никадан сұрап, түсініп аламын. Өте жақсы адам мен үшін. Ең әдемі", -  дейді ол.

Әлем болашақта Вероникаға заңды түрде үйленгісі келеді. Тек ағайын-туыстың алдында үлкен міндет тұрғандықтан, оған асықпайды. 

"Әрине, заңды некеге тұру жоспарда бар. Оған үлкен той істеу керек. Мама-папа, құда-құдағи, салт-дәстүр бар. Тойға 500 адам шақырса, тағы 500 адам менің достарым бар. 

Қаншама қаржы?! Оны жасамайын десең, болмайды. Уақыты келеді, мен өзім сеземін. Сол кезде жасап жіберемін. Ол қиын жұмыс емес деп ойлаймын", - деді әнші. 
 

Талқылау