Жаңаөзенде қыз алып қашпақ болған бес жігіт сотталып кетті
Фото: Видеодан скрин
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қызды күшпен алып қашқан бес жігітке сот үкімі шықты. Олардың әрқайсысы істеген әрекеті үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызды еркінен тыс некеге мәжбүрлегендердің кінәсі бейнебақылау камерасындағы жазба арқылы толық дәлелденді.
Бұл жағдай былтыр желтоқсан айында болған. Түн ортасында үйіне кіріп бара жатқан қызды бейтаныс бес жігіт бас салып, алып қашпақ болған. Еңгезердей үш жігіт қызды сүйреп, көлікке кіргізгісі келген. Көлік жүргізушісі де оларға есік ашып, көмектескен.

Қыз жанұшыра айқайлап, қарсыласқан. Соңында бөгде әулеттің табалдырығаннан аттамай, қылмыскелердің үстінен арыз түсірген. Осылайша, адам ұрлау бабымен тергеу жүргізіліп, бес жігіт те үш жылға сотталды.
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
«Анам комада жатыр»: Жамбыл облысында әйел бұрынғы күйеуінің үйінен ауыр жарақатпен табылды
Облыстық департамент жағдайды өз бақылауына алды