Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заманбек Нұрқаділовтің экс-жұбайы дүниеден озды

Марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің экс-жұбайы Нұрбике Ілімбайқызы дүние салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: Stan.kz

Қаралы хабарды қызы Құралай Нұрқаділова жеткізді. 

“Бүгін түнде біздің еліміз үшін маңызы бар адам өмірден озды. Заманбек Нұрқаділовтің саяси жолына көп еңбек сіңірген адам. Ол – ақылды, білімді әрі саясатта сауатты Нұрбике Ілімбайқызы. Өте қарапайым және ақылды еді. Ол туралы көп айтуға болады. Осы жылдар ішінде оның үнсіздігі, Кеңес одағы кезіндегі және одан кейінгі ел туралы көп айтары бар еді. Оның ақыл-кеңесінің арқасында көп жас саясаткер саясатқа араласқан. Ол барлық тарихи фактіні іштей есіне алатын, өте қызықтырып айтатын. Менің анамның даналығына оны білетіндердің бәрі үнемі таңданатын. Иманда бол, анашым. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым! – деп жазды Құралай Нұрқаділова.



Еске салайық, Заманбек Нұрқаділовтің бірінші әйелі Мақпал Жүнісова тұратын үйді  "қораға" теңеген еді. 

 

Талқылау