Жұмыста жүргенде "омикроннан" қалай сақтануға болады? Иммунолог түсіндірді
Үлкен ұжымда жұмыс істейтін адамдар "омикрон" штаммын жұқтыру қаупінен қалай құтыла алады? Бұл туралы Sputnik радиосына иммунолог Ирина Ярцева айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ярцеваның айтуынша, жаңа штамм бұрынғы "дельта" штаммы секілді үлкен ауру ағымын туындырмағанымен, қауіпсіздік шараларына баса көңіл аудару қажет. COVID-19-дың алдын алудың ең тиімді жолы - вакцинация, деп еске салып өтті ол.
"Ұжымда ұзақ ауырмау үшін уақытында вакцинациялау және қайта вакцинациядан өту маңызды", - деді иммунолог.
Жұмыс орнында кем дегенде бір метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға тырысу керек, деп жалғастырды Ярцева. Аурудың ең кішкентай белгілері бар қызметкерлердің өзі маска тағуы тиіс. Ал егер адам бұлай жасамаса, одан ұялмай жеке қорғаныс құралдарын қолдануды сұрау қажет, деп кеңес береді иммунолог.
- Дәрігер коронавирус кезінде өз бетінше антибиотиктермен емделудің қауіпі жайлы айтты
- БҰҰ бас хатшысы әлемді жаңа пандемияға дайындалуға шақырды
"Егер жаныңыздағы адамның жөтелгенін байқасаңыз, оны дереу медициналық маска тағуға шақыру маңызды. Сонда да жағдайы жақсармаса, ол адамды үйіне қашықтықтан жұмыстан істеуге жіберу қажет", - деді ол.
Әріптестердің бір бірімен қарым-қатынасына мұқияттылықпен қарау инфекцияның таралуын азайтуға көмектеседі, деп қосты Ярцева.
Ол сондай-ақ ауру жиілеп жатқан кезеңде дұрыс ұйқы режимін және дұрыс тамақтануды сақтауды ұсынады, өйткені бұл иммундық жүйені нығайтады. Бұдан бөлек, уайымға аз беріліп, стресстен аулақ болған жөн, дейді маман.
"Денсаулығыңызды мүмкіндігінше қолдау маңызды. Атап айтқанда, стресстік жағдайларға сабырмен қарау қажет, себебі стресс дененің қорғаныс функцияларын да төмендетеді", - деп түсіндірді Ирина Ярцева өз сұхбатында.