Дәрігер коронавирус кезінде өз бетінше антибиотиктермен емделудің қауіпі жайлы айтты
Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко коронавирус кезінде өз бетінше антибиотиктермен емделмеуге шақырды. Дәрігер мұның әсіресе балалар үшін қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Еш уақытта ем тағайындап, өзіңізді және балаңызды түрлі антибактериалды препараттармен емдеуге тырыспаңыз", - деді ол брифинг барысында.
Оның сөзінше, мұндай терапия оң нәтиже бермейді. Керісінше ауру асқынған жағдайда емдеуші дәрігер үшін таңдау мүмкіндігін азайтады.
"Өтінемін, антибиотиктерде ерте кезеңде ішіп бастамаңыздар. Мұндай дәрілерді маман тағайындауы керек", - деді Мурашко.
Сонымен қатар ол отбасыда бала ауырып қалған жағдайда оған қосымша күтім қажет екенін айтады. Ал балаға қарау үшін ата-анасы демалыс алуы керек. Осылайша жұмыстағы әріптестеріне жұқтыру қауіпін азайтады.
Айта кетейік, ғалымдар омикрон салдарынан COVID-тің жаңа мутациялары пайда болуы мүмкін екенін болжаған еді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған