Ғалымдар омикрон салдарынан COVID-тің жаңа мутациялары пайда болуы мүмкін екенін болжады
Бостон университетінің ғалымдары омикрон штамынан кейін коронавирустың жаңа нұсқалары пайда болатынын мәлімдеді. Мұндай қорытынды омикронның кеңінен таралуы салдарынан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Life басылымына сілтеме жасап.

"Омикрон жылдам тараған сайын жаңа нұсқалардың пайда болуына әсер ететін мутацияларға мүмкіндік көбейеді", – деді Бостон университетінің эпидемиолог-инфекционисті Леонардо Мартинес.
"Омикрон адамнан адамға жылдам жұққандықтан, ол иммунитеті әлсіз жандарда қалып қалуы мүмкін. Бұл вирусқа жаңа мутацияларының дамуына мүмкіндік береді.
Сарапшылардың сөзінше, вакцина алу және қоғамдық орындарда маска тағу вирус мутациясын ұстап тұруға көмектеседі. Маусымдық ауруға айналмай, тұмау секілді қауіп деңгейі төмендейді.
Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған