Меккеге бару үшін сақтаған: Зейнеткердің ұзақ жылдар бойы қорапта жинаған ақшасын зиянкестер кеміріп, жоқ қылды
Малайзиялық зейнеткер аяқ киімнің картон қорапшасына салып жинап жүрген ақшасын зиянкестер жеп жарамсыз етті. Кейуана бұл ақшаны Меккеге бару үшін ұзақ жылдар жинаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі dailystar.co.uk. басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Зейнеткер Меккеге қажылыққа бару үшін жылдар бойы ақшасын картоннан жасалған аяқ киім қорабында сақтап, жинаған. Бірақ ақ құмырсқалар (термиттер) ақшаны жеп, жартысынан көбі жарамсыз болып қалған.
Оның немересі Хайрул Азхардың айтуынша әжесі шамамен 30 000 малайзиялық рингит жинағанын айтады. Бұл 6600 доллардан асады.
Енді Хайрул аман қалған банкноттарды ауыстырады деген үмітпен Малайзияның орталық банкіне апаруды жоспарлап отыр. Ол бұл оқиғадан сабақ алып мұндай ақшаны үйде ұстамау керек екенін ескертті.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған