"Ұзақ жылда сыналған үлкен махаббатымызға жаман пікір жазбаңыздар": Заңғар Жібек екеуінің махаббат хикаясын айтты
Заңғар Нұртас Жібек екеуінің махаббат хикаясын баяндады. Ұзақ жыл қол ұстасқан қыз бен жігіт махаббатына сын айтқандарға өкпелі. Әншінің інісі жарына тіл тиізгендерге жауап берді.
Заңғар Нұртас пен Жібектің үйлену тойы желіде қызу талқыға түскені белгілі. Желі қолданушылары арасында жаңа түскен келінге қатысты сын-пікір айтқандар да көп. Бірі келіннің жасын сынаса, бірі мінезін талқылады. Енді бірі ақша үшін қол ұстасты деп болжады. Оларға Заңғардың өзі жауап берді. Әншінің інісі махаббатына қалай қол жеткізгенін айтты.
“2012 жыл, Жібекпен Заңғар Пекин қаласына оқуға түсті! 2013 жыл, екі кішкентай ғана өмірдің ащы-тұщысын көрмеген 17 жастағы жас бүлдіршіндер бір-бірін кезіктірді! Бірақ ол кезде бір-бірін жақтырған жоқ. 2014 жыл, қайта бір-бірін жолықтырып, 15 наурыз күні Заңғар Жібекке ұсыныс жасады, сол күннен бастап, әр айдың 15-і екі жастың бір-біріне деген махаббат күні болып қойылды! Сол күннен бастап әр айдың 15і бір-біріне сыйлық табыстайды. Өз үйінен, отбасынан алыста жүрген қос махаббат, бір-біріне бауыр басып, арқа сүйер жақын адамға айналды!
2020 жылы Заңғар үлкен қателік жасап, Жібек кешіре алмайтындай жағдайға жеткізді! Яғни олар Айырылысты. 2021 жылы жасалған қателік пен айырылысуды сынақ деп түсінді, себебі ол сынақтан олар өтпей, бір-біріне олар қаншалықты керек екенін, махаббат қарым-қатынасты қалай бағалау керек екенін түсінбеуші еді. 2022 жыл олар отау құрды! Осындай кішкентай кезеңдегі үлкен махаббатқа бұдан бұлай жаман ой пікірлеріңізді жазбаңыздар”, – деді Заңғар Нұртас.
Заңғар студент шақтарында бірге түскен фото-видеоларын жария етті. Желідегі оқырмандары қолдау көрсетіп, түсінуге тырысты.
“Екі дүниенің бақытын берсін барша отбасы құрған жастарға!!!”, “Бақытты болыңдар! Жұптарыңыз жазылмасын! Ата-анаңызды сыйлап, құрметтеп немере сүйгізіп, соларды қуантыңдар! Елдің алғысы мен ықыласына бөленіп жүре беріңдер! Тіл-көзден аман болыңдар!”, “Сынақтан өтіпсіңдер, Аллам ұзағынан өмір берсін, жұптарың жазылмасын, махабаттарың мәңгілік болсын”, “Тек бақыт тілеймін, әйелдің жақсы болуы ер азаматтан. Жібекті бақытты етіңіз”, – деді олар.
Бұған дейін Гүлзира Айдарбекова отбасылық бизнесін кенже келіні Жібек пен ұлы Заңғарға сеніп тапсырғанын айтқан еді. Дүкеннің иелері жаңа бастаманы қолға алды. Жақында ашылуы болады деп көпшілікті қуантып қойды.