Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төрт баланың анасына ұят емес пе?": Жұлдыз Әбдікәрімова атқа мінемін деп сынға қалды

Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да елдің назарына ілікті. Бұл жолы актриса атқа отырамын деп елден сөз естіді. Оқырмандардың бір тобы төрт бала тәрбиелеп отырған әйелге мұндай қылықтың жараспайтынын айтты. Ал Жұлдыздың бұған берер жауабы дайын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жұлдыз, ақылды, әдемі келіншексің. Төрт баланың анасысың, атпен секіргенің ерсі екен", – деп сынады оқырманның бірі. Бұған Әбдікәрімова былай деп жауап берді: 

"Кейде біз ұялмайтын жерде ұялып, ұят болатын жерде ұялмаймыз. Төрт баланың анасына атқа отырған ерсі емес. Қазақтың кең сахарасында өскен ержүрек қыздардың бәрі аттың құлағында ойнаған. Тіпті көлік болмаған заманда, 4 емес, 10 баласы бар апаларымызға дейін мініс еткен. Бояушы-бояушы деген сайын сақалымызды боямайықшы".

Одан бөлек, Жұлдыз "өзін түсінетін" тұлпарына арнап жазба қалдырды.

"Мені сен ғана түсінесің, тұлпарым. Ал түсінбейтіндер, директке жазған бір оқырманым сияқты "Төрт баланың анасына атпен секірген ерсі екен" деп, менің жанымды, саған деген махаббатымды түсінбейді.



"Неге біз көпбалалы аналардың “Төрт балаң бар, саған болмайды” деп мүмкіндігін шектеп, дамуын тоқтатып, бар дүниеден баз кешкен мүсәпір етіп тастаймыз?! Бала деген анаға берілген масыл емес, асыл ғой". Мен оларды түсінбеймін. Ең бастысы, мені сен ғана түсінесің, Тұлпарым",  –  деп бөлісті Әбдікәрімова. 

 

 

Талқылау