Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ана тілімізде жауап беріңіз": Қазақстандық депутат ұлттық экономика министрін сынға алды

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевке ескерту жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фотода: Берік Дүйсембинов және Әсет Ерғалиев

Мәжіліс отырысында депутат Әсет Ерғалиевтің қазақша қойылған сұрақтарға орыс тілінде жауап бергеніне шүйлікті.

"Мәжіліске бірінші рет келгеніңді ескеріп, сізге бір ауыз сөз айтуға рұқсат етіңіз. Сіз қазақ тілінде қойылған барлық сұрақтарға рұқсат сұрамай, орыс тілінде жауап бердіңіз. Жасыңызға қарамастан, сіз 18 миллион адамның ішінінен министр болуға лайық деп таңдалдыңыз. Сізді тәуелсіздіктің құрдасы деп атауға болады. Мен сіздің ана тілімізде жауап беруге дайын болмауыңызды ұят деп санаймын. Мен сізден ана тілінде қойылған сұрақтарға ана тілінде жауап беруіңізді сұраймын", - деді депутат Берік Дүйсембинов.


Айдос Сарым депутаттардың алтын төсбелгісі мен жалақысы туралы айтты


Еске салайық, Әсет Ирғалиев 2021 жылғы 18 қаңтарда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол ең жас қазақстандық министр, 34 жаста.

Талқылау