Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінде әлемнің бірінші ракеткасына қарсы ойнайды
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңінде әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: WTA
Юлия Путинцева Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің екінші кезеңінде де жеңіске жетіп, үшінші айналымға шықты. Алғашқы айналымда "Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін жеңімпазы германиялық Анжелика Керберді жеңіп, сенсация жасаған отандасымыз үшінші кезеңде әлемнің бірінші ракеткасы польшалық Ига Швентекке қарсы ойнайды. Юлия Путинцева жыл басында АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA-1000 турнирінде польшалық спортшыдан жеңіліп қалған еді. Енді сол кеткен есесін қайтару мүмкіндігі туып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің үшінші кезеңіне шыққанын жазған едік.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды

