Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстықкөлді ластағандардың мүлкі тәркіленіп, 8 жылға дейін сотталмақ

ыстық көл
Фото: Кun.uz

Қырғызстан билігі Ыстықкөлдің экологиясын қорғауға қатысты талаптарды күшейтпек. Бұл туралы Stan.kz ақпапарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Енді көлді ластаған демалушылардың мүлкі тәркіленіп, тіпті 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жаңа заң жобасы қазір Жогорку Кенештің қарауында жатыр.

Бастама авторлары туристер көп баратын Ыстықкөлдің тазалығы жылдан-жылға нашарлап бара жатқанын айтады. Билік жағалау мен судан жыл сайын тонна-тонна қоқыс шығарады.

Сондай-ақ заң жобасында кәріз жүйесі жоқ пансионаттар мен дәмханаларды жаппай тексеру ұсынылған. Депутаттар су айдындарын қорғау үшін жауапкершілікті қатаңдату қажет деп отыр.

Еске салайық, бұған дейін 2009 жылы Қазақстан Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы бұрынғы Қазақ КСР салған төрт демалыс нысанын 49 жылға уақытша пайдалануға алған. Енді Мәжіліс сол келісімге енгізілген өзгерістерді ратификациялап, туристік нысандарды дамытуға инвестор тартуға мүмкіндік беріп отыр.

Айым Атамбаева
Сенбі, 23 Мамыр, 2026 09:42