Құрбандардың саны көп болар еді: Алматыдағы ұшақ апатының тергеу жұмыстары жалғасуда
ІІМ-нің басшысы Ерлан Тұрғымбаев Bek Air әуе тасымалдаушысының құлаған ұшағы неліктен жанып кетпегендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жағдайға ауа райы себепші болыпты.
"Абырой болғанда, ұшақтың оң жақ қанатындағы қозғалтқыштар жанып кетпеген. Әуе бортының осы тұсында жанармай багы орналасқан екен. Жанармайдың жартысы ұшақтың астына ағып кетті. Ұшақтың жанып кетпеуіне ауа райы да әсер етті. Қыс кезіндегі қар мен суық аяз болмағанда құрбандардың саны әлдеқайда көп болар еді", - деді шенеунік.
Бұған дейін апатқа ұшыраған ұшақтан 2000 литр жанармай шығарылғаны айтылған еді. Соынмен қатар ІІМ ұшақ апатына себеп болған үш жағдайды атады.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды